Синоптиктер бейсенбі, 22 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
"Қазгидромет" РМК мәліметінше, республикамыздың батысында, оңтүстігінде ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Солтүстік-батыс циклонының ықпалымен еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады. Найзағай ойнап, бұршақ жауады, жел тұрады, жаңбыр жауады, солтүстік-батыста, шығыста, еліміздің орталығында нөсер жаңбыр жауады.
Республика бойынша жел күшейеді. Сондай-ақ еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында түнде және таңертең тұман болады деп болжанады.
Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде қатты ыстық болады.
Сондай-ақ, Атырау, Абай облыстары, Ұлытау өңірінің солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының шығысында, орталығында, Маңғыстау өңірінің батысында, оңтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында өрт қаупі жоғары болады.
Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Алматы өңірінің батысында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында, Атырау өңірінің орталығында, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, орталығында, Қарағанды өңірінің оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.