Белгілі боксшы Жанқош Тұраровтың әйелі Клара Иса күйеуіне тағылған айыптан кейін әлеуметтік желіге жазба жариялады.
Жанқош Тұраровтың әйелі оған тағылған айыпқа қатысты пікір білдірді
Фото: iunstagram | klarita_os
5,674
оқылды

Белгілі боксшы Жанқош Тұраровтың әйелі Клара Иса күйеуіне тағылған айыптан кейін әлеуметтік желіге жазба жариялады,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

– Қоңырау шалғанда телефон алуға шамасы келмей, уақыт таппай жүрген "подруга-таныстың" бәрі түннен бері хабарласып, жағдайымды сұрады ғой. Бәрі дұрыс, уайымдамаңыздар. Ел алдында жүрген адамдар туралы не айтылмай жатыр? – деп жазды Клара Иса

Айта кетейік, бұған дейін боксшының осындай айыпқа ілінгені жөнінде ақпарат тараған еді. Полиция ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

«Келіп түскен арызға байланысты Әуезов аудандық Полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазір оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр», – деді Алматы қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметінен.

Әйгілі боксшы да Instagram-дағы ресми парақшасында мәлімдеме жасады.

"Үш қыз өсіріп отырған әкемін! (ары қарай сөзі өңделмей, пунктуация сақталды - ред.) Төсектес қыз керек болса маған зорламай-ақ келетін жағдайым бар! Қайдан шыққан жала екенін өзім де түсінбей отырмын, қазір мәселенің мән-жайын анықтап, кім қандай жала тағып отырғанын анықтайтын боламын!" – деп жазды Жанқош Тұраров.

Жанқош Жасұланұлы Тұраров (20 қараша 1990 ж., Ақкөл, Жамбыл облысы) – қазақстандық кәсіпқой боксшы. 2023 жылдың 21 наурызынан бастап бірінші жартылай орта салмақтағы IBO бокстан әлем чемпионы.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.