Жапония мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылы орнатылған болатын.
Қазақстаннан Токиоға тікелей рейс ашылады
911
оқылды

Азаматтық авиация комитеті Қазақстаннан Токиоға тікелей рейстер ашылатынын мәлімдеді, –  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Air Astana және Japan Airlines 2026 жылдың көктеміне жоспарланған Алматыдан Токиоға жаңа рейсте өз кодтарын орналастыруға мүмкіндік беретін кодшерингтік келісім жасасты.

– Бұл құжат іскерлік және туристік сапарлар үшін Қазақстан мен Жапония арасындағы әуеқатынасының мүмкіндіктерін кеңейтеді, сондай-ақ екі ел арасындағы жолаушылар мен жүк тасымалының өсуіне ықпал етеді, – делінген ААК хабарламасында.

Жапония мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастар 1992 жылы орнатылған болатын.

Маршруттар мен кестелер туралы қосымша ақпарат екі әуекомпанияның билеттерін жоспарлау және сату жүйелерін біріктіргеннен кейін жарияланады.