Күйеуін балтамен бірнеше рет шауып өлтірген әйелге сот кешірім танытып, оны «үйқамаққа» жіберді.
Күйеуін балталап өлтірген әйел «үйқамаққа» жіберілді
Фото: polisia.kz
1,624
оқылды

Талдықорған қаласы саяжай қоғамдарының бірінде 17 тамызда жантүршігерлік кісі өлімі болды,  – деп хабарлайды Aikyn.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

34 жастағы әйел отбасылық жанжалдан кейін күйеуі ұйықтағанша күтіп, оны балтамен өлтіріп, содан кейін полиция шақырған. Әйел Талдықорғанның уақытша ұстау изоляторында екі күнін өткізді.

Күдікті мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының судьясына «қылмысқа отбасылық жанжал, алкогольді шамадан тыс тұтыну себеп болды» деп мәлімдеді. Сондай-ақ ол бір жарым жастағы баласы бар екенін, оны емізіп жүргенін айтып, үйіне босатуды сұрады.

Күйеуін балтамен бірнеше рет шауып өлтірген әйелге сот кешірім танытып, оны «үйқамаққа» жіберді.

20 тамызда әйел өлген күйеуінің анасының қолындағы балаларын алып  үйіне қайтты.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.