Бес күнге созылған іздестіру жұмыстарының нәтижесінде баланың денесі табылды.
Тобыл өзеніне ағып кеткен 8 жастағы баланың мәйіті табылды
Фото: shymkenttv.kz
629
оқылды

Қостанай облысында Тобыл өзеніне абайсызда құлап, суға ағып кеткен баланы іздеу жұмыстары аяқталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz облыстық ТЖД-ға сілтеме жасап.

Бес күнге созылған іздестіру жұмыстарының нәтижесінде баланың денесі табылды.

Естеріңізге сала кетейік, қайғылы оқиға 18 тамызда Б.Майлин ауданының Козыревка ауылында болды. Тобыл өзені арқылы топырақ үйіндісінен өту кезінде ер адам мен 8 жасар бала абайсызда суға құлап кеткен. Ер адам судан өз бетімен шыға алды, алайда баланы ағын алып кетті.

«Қостанай облысы ТЖД құтқарушыларының күшімен Тобыл өзенінің акваториясы ауданында 8 жастағы баланың денесі табылды. Іздеу бес күн бойы жүргізілді», – деді ауданның төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Дмитрий Жданов.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.