Ол аукцион өткізбестен заңсыз сату арқылы кәсіпорынның мүлкін аса ірі мөлшерде жымқырды деп күдіктеледі.
«Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС директоры 65 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді
Фото: Қазмұнайгаз АҚ
612
оқылды

Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС директорына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде, – деп хабарлайды Aikyn.kz Антикорға сілтеме жасап.

Ол аукцион өткізбестен заңсыз сату арқылы кәсіпорынның мүлкін аса ірі мөлшерде жымқырды деп күдіктеледі.

Залал сомасы 65 млн теңгеден асады.

Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.

Тергеу жалғасуда.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқықбұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.