Биыл 1 қыркүйектен бастап ерікті түрде кредит алудан бас тартқан қазақстандықтар өз атына заңсыз рәсімделген несиені төлемейді, - деп хабарлады Aikyn.kz Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігіне сілтеме жасап.
Ведомствоның хабарлауынша, 2024 жылғы ақпаннан бастап азаматтардың "электронды үкімет" порталында кредиттер алудан ерікті түрде бас тартуын белгілеу құқығы заңнамалық түрде енгізілді. Бүгінде 461 мың азамат кредит алудан өз еркімен бас тартуды ресімдеді.
«Заңмен 2024 жылғы 1 қыркүйектен бастап кредиторлардың азаматтардың кредит алудан ерікті түрде бас тартуды белгілеу кезеңінде заңсыз ресімделген кредиттері бойынша борышты есептен шығару міндеті қосымша енгізіледі», - делінген хабарламада.
2024 жылғы 20 тамыздан бастап клиентті биометриялық идентификаттаусыз электронды банктік қарыздар мен онлайн микрокредиттер беруге тыйым салынады. Осы күннен бастап кредиторлар алаяқтық кредиттер бойынша тергеу шараларын жүргізудің барлық кезеңіне сыйақы есептеуді және талап-арыз жұмысын тоқтата тұруға міндетті болады. Бұл ретте клиентке қойылатын талаптар клиенттің қатысуынсыз алаяқтық тәсілмен қарызды ресімдеу фактісі анықталатын заңды күшіне енген сот шешімі негізінде тоқтатылуға тиіс.
Кредиттік бюролар нақты уақыт режимінде клиенттің кредиттік есебінде жеке тұлғаның банктік қарыздар мен микрокредиттерді алудан ерікті түрде бас тартуды белгілегені не алып тастағаны туралы ақпаратты көрсететін болады. Кредиттерді алудан ерікті бас тартуды белгілеу немесе алу азаматтарды алаяқтардан қорғауға және қарыз алушының хабарынсыз кредиттерді ресімдеу жағдайларын болдырмауға мүмкіндік береді, сондай-ақ ерікті бас тарту болған кезде кредиттік ұйыммен жалған кредиттің пайда болуынан қорғайды.
Өзгерістер кредиторларға азаматтардан түрлі банктерге/МҚҰ-ға бір уақытта өтініш беру туралы ақпаратқа ие болуға және «кредиттік шопингтің» болмауына мүмкіндік береді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.