Желідегі ақпаратта 15 қыркүйектен бастап елімізде маска тағу режимі енгізіліп, оқушылар қашықтан оқуға жіберілетіні айтылған.
15 қыркүйектен бастап оқушылар қашықтан оқи ма?: Денсаулық сақтау министрлігі жауап берді
Фото: ortalyq.kz
7,400
оқылды

Желіде 15 қыркүйектен бастап оқушылар қашықтан оқытуға жіберілетіні туралы ақпарат тарады. Бұл жалған ақпарат, – деп хабарлайды Aikyn.kz stopfake.kz-ке сілтеме жасап.

Желідегі ақпаратта 15 қыркүйектен бастап елімізде маска тағу режимі енгізіліп, оқушылар қашықтан оқуға жіберілетіні айтылған. 

ҚР Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті бұл ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

«Мессенджерлерде 15 қыркүйектен бастап балаларды қашықтан оқытуға жібереді және мекемелерде маскамен жүру режимі енгізіледі деген ақпарат шындыққа жанаспайды. Жыл сайын эпидемиялық маусым кезеңінде профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізуді көздейтін ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы бекітіледі. Қаулыға сәйкес, биылғы жылдың 15 қыркүйегінен бастап тұмауға қарсы вакцинация жүргізу басталады. Маска тағу режимі тек медициналық ұйымдардың қызметкерлері үшін ғана енгізіледі», – делінген хабарламада.

Қаулымен толығырақ ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында мына сілтеме бойынша танысуға болады.

«Барлық азаматтарды ресми ақпарат көздеріндегі сенімді ақпаратқа сенуге шақырамыз», – делінген ҚР Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram   арнасынан таба аласыз.