Орал қаласында 48 жастағы ер адам 6 тамызда үйінен шығып кеткеннен оралмаған, – деп хабарлайды Aikyn.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, 16 тамыз күні 1975 жылғы Орынбасар Адиотоллаұлы Сипатталовтың әйелі полицияға арызбен жүгінген.
Әйелдің айтуынша, күйеуі 6 тамызда сағат 09.30-да жұмысқа кетіп, осы уақытқа дейін келмеген.
«БҚО Полиция департаментінің барлық жеке құрамы осы азаматты іздестіруге бағытталған. Қазіргі кезде ер адамды табу үшін жедел іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Егер аталған адам туралы мәлімет білгендер полицияға 102 нөмірі арқылы хабарласуы сұралады», – делінген департамент берген ресми ақпаратта.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.