Құтқарушыларға сол жерден өтіп бара жатқан куәгер хабарласқан.
Алматы облысында өзен бойынан әйелдің денесі табылды
Фото: РЖҚЖ
946
оқылды

Алматы облысында құтқарушылар өзен бойынан әйел адамның мәйітін алып шықты, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының хабарлауынша, Талғар қаласында 20-35 жас шамасындағы әйел адам ағысы күшті суару каналына секіріп, болжам бойынша суицид жасаған.

Құтқарушыларға сол жерден өтіп бара жатқан куәгер хабарласқан.

"ҚР ТЖМ РЖҚЖ жедел тобы әйел адамды 10 сағат іздеп, шамамен құлаған орнынан 8 шақырым жерден денесін тапты. Мәйіт полиция қызметкерлеріне тапсырылды", - делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram арнасынан таба аласыз.