Актриса сұхбат беріп, жеке өміріндегі жаңалықтарымен бөліскен болатын.
«Жүзігі жарқырап тұр»: жұрт тұрмысқа шыққан Айгүл Иманбаеваға ақ тілегін жаудырды
Фото: instagram.com/ aigul_imanbayeva
4,955
оқылды

Желідегі жұрт жақында тұрмысқа шыққан актриса Айгүл Иманбаеваға бақыт тіледі, – деп жазды Aikyn.kz.

Актриса сұхбат беріп, жеке өміріндегі жаңалықтарымен бөліскен болатын. Ол тұрмысқа шыққанын және немересі дүниеге келгенін айтты.

«Кеш жарық, достар! Иә, осыдан 2 күн бұрын менің жеке өмірімдегі үлкен жаңалығыммен бөліскен болатынмын. Әр әйел бақытты болуға лайықты, Жаратушыма алғысым шексіз. Маған бақыт тілеп, мен үшін қуанған, тілекші болған жандарға, баршаңызға алғысым шексіз. Менде сіздердің амандықтарыңызды, бақыттарыңызды тіледім», - деп ағынан жарылды актриса.

Желі қолданушылары ақ тілегін айтып, пікір жазған.

«Сіз бақытты болуға лайықсыз», «Лондонда оқып құлпырып, жасарып кеттіңіз. Өте сүйкімді, әдемі және нәзік», «Жүзігің жарқырап тұр. Өмірің де солай болсын!», «Алтынай, Айгүл күйеуге шықты, Сәбит үйленді. Үш жас бақытты болыңыздар!», деп жазды желі қолданушылары.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.