Астананың әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты бірнеше күн бұрын болған такси жүргізушісі мен жолаушыға қатысты істі қарады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Іс материалдарында Ж. қоғамдық орында болған кезде такси жүргізушісі бола отырып, жанжал барысында Е. жолаушының атына балағат сөздер айтқаны көрсетілген. Өз кезегінде Е. такси жүргізушісіне де қатысты дәл сондай қылық танытқан», – делінген соттың баспасөз хабарламасында.
Жасалған құқықбұзушылық фактісі, мойындау түсіндірмелерінен басқа, әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамада қамтылған мәліметтермен, сондай-ақ бейнежазбамен расталады.
Жауапкершілік пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар кінәні мойындау, әкімшілік құқықбұзушылықты алғаш рет жасау және Е. азаматта үш кәмелетке толмаған баланың болуы болды.
«Ж. және Е. соттың қаулыларымен ӘҚБтК-нің 434-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды және әрқайсысына 20 АЕК мөлшерінде айыппұл түрінде әкімшілік жаза тағайындалды», – деп түсіндірді соттың баспасөз қызметі.
Әңгіме әрбір қатысушы үшін 73 840 теңге сомасы туралы болып отыр. Қаулылар заңды күшіне енген жоқ.