Қостанай қаласының әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты ӘҚБтК-нің 608-бабы 6-бөлігінде көзделген жүргізушіге қатысты әкімшілік құқықбұзушылық туралы істі қарады, – деп жазады Aikyn.kz.
Әкімшілік құқықбұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, 22 тамызда Қостанай тұрғыны көлік құралдарын басқаруға құқығы жоқ адам бола отырып, мас күйінде Volkswagen VW 35I маркалы көлігін басқарған.
Сот қаулысымен жүргізуші әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 20 тәулік мерзімге қамауға алу түрінде әкімшілік жазаға тартылды.