Спортшының адвокаты журналистерге арнап баспасөз конференциясын өткізбекші.
Үш қыз өсіріп отырған әкемін! Жанқош Тұраров өзіне тағылған айыпқа қатысты мәлімдеме жасады
Егемен Қазақстан
920
оқылды

Танымал боксшы Жанқош Тұраров өзіне қатысты тағылған "зорлық жасады" деген айыпқа жауап берді, деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Бұл туралы Жанқош Тұраровтың өзі айтты.

"Ассалаумағалейкүм, ағайын, қалайсыздар? Маған қатысты сұхбат беріп жатқан адамның лайлы әңгімелері мүлдем қызық емес. Менің өмірлік ұстанымдарым, мақсаттарым мүлде басқа. Ақиқат орнайтынына сенімдімін. Соған байланысты менің заңды адвокатым баспасөз конференциясын өткізетін болып шешті", деді боксшы.

Еске салайық, 21 тамызда Жанқош Тұраров "қыз зорлады" деген ақпарат тарады. Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі қылмыстық іс қозғалып, сараптама тағайындалғанын хабарлады.

Кейінірек боксшының өзі тараған ақпаратқа қатысты жауап берді.

Instagram парақшасында ол былай деп жазды:

"Үш қыз өсіріп отырған әкемін! Төсектес қыз керек болса маған зорламай-ақ келетін жағдайым бар! Қайдан шыққан жала екенін өзім де түсінбей отырмын, қазір мәселенің мән-жайын анықтап, кім қандай жала жауып отырғанын анықтаймын".

Ал кеше "Боксшы Жанқош Тұраров зорлады" деп айып таққан қыз тілшілерге сұхбат берді. Оның сөзінше, спортшы бірнеше жыл бойы "әйелім етіп аламын" деп алдап келген. "Ал соңғы кездесу зорлықпен аяқталды" дейді. Жәбірленуші денесіндегі көгерген жарақаттарына дейін көрсетті.