Ол пәтерден өзімен бірге 200 метр кабельді алып кетіп, базарға сатқан.
Астанада пәтер жөндеуші алдын ала төлем алып, қашып кеткен
ІІМ
930
оқылды

Елордада пәтер жөндеуші тұтынушыны алдап кеткен,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жәбірленушінің айтуынша, пәтер жөндеу үшін жалданған ер адам алдын ала төлемін алған соң жұмысына кірісіп, жөндеуді аяқтамай кеткен. Орнына, ол пәтерден өзімен бірге 200 метр кабельді алып кетіп, базарға сатқан. Түскен ақшаны өз қажетіне жұмсаған.

Пәтер жөндеуші байланысқа шықпай, із-түзсіз жоғалғаннан кейін пәтер иелері полицияға жүгінді.

Жедел-іздестіру шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері 35 жастағы ер адамды анықтады. Ол жасаған қылмысын мойындады.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Астана қаласының Полиция департаменті азматтарға мұқият болуларын еске салады. Мұндай жағдайларды болдырмау үшін міндетті түрде жұмысшылардың беделін тексеріп, жұмыс шарттары және тараптардың міндетті, нақты көрсетілген келісімшартқа отырыңыздар.