ТЖМ мәліметінше, екі жас Панорама шыңына көтерілген.
Алматыда туристер қатты дауыл салдарынан таудан түсе алмай қалған
503
оқылды

Алматыда екі жігіт қатты дауыл астында қалып, таулардан өз беттерінше түсе алмады, - деп хабарлайды Aikyn.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Іле Алатауының Кіші Алматы шатқалында 21-22 жас аралығындағы екі жас Панорама шыңына көтерілді. Бірақ ауа райын алдын ала тексермегендіктен, олар қатты дауыл астында қалып, белгіленген уақытта түсе алмады. ТЖМ жедел тобы құтқару кабинасында жоғалған адамдарды тауып, таулардан Алматы қаласына аман-есен жеткізді", - делінген хабарламада.

Жастарға медициналық көмек қажет емес.