Тараған дерекке қарағанда, аталған іс Қылмыстық кодекстің 134-бабы 3-бөлігі («Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту») бойынша тергеліп жатыр, - деп жазады Aikyn.kz.
Сонымен қатар қылмыстық іс аясында бірнеше бап бойынша тергеу жүріп жатыр, оның ішінде притон ұйымдастыру, бопсалау, есірткі тұтынуға итермелеу, азаптау және т.б. бар, – делінген министрлік жауабында.
Бұдан бөлек, іс аясында 8 күдіктіге қатысты қамауда ұстау бұлтартпас шарасы тағайындалған, бір адам үйқамаққа алынған.
Бұл дерек бойынша жүргізілген қызметтік тексеріс барысында лауазымды тұлғалар, Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлеріне қатаң сөгіс жарияланды.