Баспасөз мәслихатына келген адвокат Самат Мамұтовтың айтуынша, “мені зорлады” деп арыз жазған Әнару Құрманәлінің өзін тексеру жөнінде полицияға өтініш түсірген.
Жанқош Тұраров журналистер жиналған баспасөз мәслихатына өзі келмей, адвокатын жіберген
Фото: Жанқош Тұраровтың instagram парақшасынан
783
оқылды

Боксшы Жанқош Тұраров Алматыда журналистерді шақырып, баспасөз мәслихатына өзі келмей, адвокатын жіберген, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Баспасөз мәслихатына келген адвокат Самат Мамұтовтың айтуынша, “мені зорлады” деп арыз жазған Әнару Құрманәлінің өзін тексеру жөнінде полицияға өтініш түсірген. Адвокат боксшының жаттығып, жекпе-жекке дайындалып жүргенін айтты.

Еске салайық, 21 тамызда Жанқош Тұраров "қыз зорлады" деген ақпарат тарады. Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі қылмыстық іс қозғалып, сараптама тағайындалғанын хабарлады.

Кейінірек боксшының өзі тараған ақпаратқа қатысты жауап берді.

"Үш қыз өсіріп отырған әкемін. Төсектес қыз керек болса, маған зорламай-ақ келетін жағдайым бар. Қайдан шыққан жала екенін өзім де түсінбей отырмын, қазір мәселенің мән-жайын анықтап, кім қандай жала жауып отырғанын анықтаймын", – деп жазды Instagram парақшасында ол.

Бірнеше күн бұрын "Боксшы Жанқош Тұраров зорлады" деп айып таққан қыз тілшілерге сұхбат берді. Оның сөзінше, спортшы бірнеше жыл бойы "әйелім етіп аламын" деп алдап келген. "Ал соңғы кездесу зорлықпен аяқталды" дейді. Жәбірленуші денесіндегі көгерген жарақаттарына дейін көрсетті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.