Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев бірнеше қазақстандықты марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, – деп хабарлайды Aikyn.kz
«Дустлик» («Достық») орденімен:
- Мемлекеттік кеңесші Қарин Ерлан Тынымбайұлы;
- Президенттің ішкі саясат және коммуникациялар жөніндегі көмекшісі Желдібай Руслан Сұлтанұлы;
- Вице-премьер Жұманғарин Серік Мақашұлы;
- Мәдениет және ақпарат министрі Балаева Аида Ғалымқызы;
- Қазақстанның Өзбекстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов;
- Қазақстан Республикасындағы өзбектер этномәдени бірлестіктері қауымдастығының төрағасы Хашимжанов Икрам Акрамұлы марапатталды.
Жарлықта олар «Өзбекстан Республикасы мен Қазақстан Республикасы арасындағы өзара сыйластық, сенім, тату көрші және стратегиялық әріптестік қатынастарын жаңа деңгейге шығаруға, саяси, әлеуметтік-экономикалық, мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты практикалық мазмұнмен және маңызды бастамалармен толықтыруға, басым бағыттардағы байланыстарды кеңейтуге және жан-жақты дамытуға қосқан жеке үлесі үшін, бірлескен жобаларды белсенді ілгерілету, сондай-ақ біздің елдер халықтарының ғасырлар бойғы достығын одан әрі нығайту жолындағы ерекше еңбегі үшін» наградалар алғаны айтылған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.