Ол Instagram-дағы сторисінде адвокатының баспасөз конференциясында сөйлеген сөзінен үзінді жүктеп, жазба қалдырған.
«Ешқандай қарым-қатынас болмады»: боксшы Жанқош Тұраров «қыз зорлады» деген айыпқа қатысты пікір білдірді
Фото: instagram.com/ zhankoshturarov
1,640
оқылды

Кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров өзіне қатысты «қыз зорлады» деп айыпқа қатысты тағы пікір білдірді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Ол Instagram-дағы сторисінде адвокатының баспасөз конференциясында сөйлеген сөзінен үзінді жүктеп, жазба қалдырған.

«Лас, алып-қашпа сөздер шаршатты. Арызданушымен төсек қатынасы тұрмақ, ешқандай қарым-қатынас та болған емес», – деп жазды боксшы.

Айта кетейік, бүгін Жанқош Тұраровтың адвокаты Самат Мамұтов баспасөз конференциясын өткізген болатын. Алайда Жанқош Тұраровтың өзі жиынға қатыспады. Адвокаты Жанқош 28 қыркүйекте өтетін жекпе-жекке дайындалып жатқанын айтқан.

Адвокат журналистердің сұрағына берген жауабында боксшы Әнарумен таныс екенін жоққа шығармайтынын жеткізді. Енді мәселе заң аясында шешілетінін айтты. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   Telegram  арнасынан таба аласыз.