Қазір елімізде коронавирусқа қарсы вакцинация жүргізіліп жатқан жоқ, бірақ эпидемия өршіген жағдайда мәселе қарастырылады. Бүгінде коронавирус инфекциясымен 1 290 адам тіркелген. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
COVID қайта өршісе,  екпе салынады
693
оқылды

Тамыз айы басталғалы 27 адам коронавирусқа шалдыққан, оның ішінде 13 науқас Астанада, 5-еуі Алматыда және Маңғыстау облысында, тағы біреуі Ақмола облысында. Пневмониямен ауырған КВИ-дің тағы үш жағдайы Астанада, Ақмола және Қостанай облысында тіркелген. Науқастардың бәрі кәмелетке толған және өлім тіркелмеген.

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус ін­деті жағдайын тұрақты деп бағалап отыр. Қазақ­стандықтар ұжымдық иммунитетті қалыптастырды және вакцинаға сұраныс жоқ. Алайда пессимистік жағ­дайда әрекет етуге дайын.

«КВИ эпидемиясы өршіген жағдайда министрлік вакцина алу мәселесін қарайды», – деп толықтырды ведомство өкілдері.

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда немесе Ресейде өндірілетін ПТР-тесттерді пайдаланады. Ведомствоның мәліметінше, олар сақтау мерзімі мен жарамдылығын ескере отырып, жыл сайын сатып алынады, содан кейін ғана кәдеге жаратылады.