Белгілі продюсер Баян Мақсатқызының үлкен қызы Айсәуле Бақытбек туыстарының жақында дүниеге келетін сәбиінің жынысы туралы пікір айтқан видеосын жариялады.
Баян Алагөзованың отбасында тағы бір бала дүниеге келеді деп күтілуде
Фото: instagram.com/ bayanmaxatkyzy
18,910
оқылды

Белгілі продюсер Баян Алагөзованың үлкен қызы Айсәуле Бақытбек туыстарының жақында дүниеге келетін сәбиінің жынысы туралы пікір айтқан видеосын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Көпшілігі сәбидің қыз болатынын болжаған. Баян Мақсатқызы мен Тұрсын Алагөзов те солай дейді. 

Қазақстандықтар сәбидің аман-есен өмірге келуін тілеп, жазба қалдырған.

Айта кетейік, Айсәуле Бақытбектің екі баласы бар. 

Бұған дейін 15 күн бұрын үшінші қызы дүниеге келді деген продюсер Баян Алагөзова тағы да балалы болғанын айтып, қазақстандықтарды таңғалдырғанын жазған болатынбыз.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.