ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 312-бабы 2-бөлігі бойынша Астана қаласының әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының қаулысымен сапасыз құрылыс-монтаж жұмыстарын орындағаны үшін 5 компания құрылыс лицензияларынан айырылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Олар:
- «Пром Строй Гарант Кз» ЖШС. Ғимараттар мен құрылыстардың, оның ішінде көпірлердің, көлік эстакадаларының, тоннельдер мен жол өтпелерінің, нысандарды күрделі жөндеуді және реконструкциялауды қамтитын өзге де жасанды құрылыстардың тірек және қоршау конструкцияларын салу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарына қатысуға II санаттағы лицензиядан айырылды.
- Granite ЖШС. Ғимараттар мен құрылыстардың тірек және қоршау конструкцияларын күрделі жөндеу мен реконструкциялауды, тұрғызуды, топырақтағы арнайы жұмыстарды қамтитын инженерлік желілер мен жүйелердің кіші түрлері бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарына қатысуға ІІ санаттағы лицензиядан айырылды.
- «Ғимараттар мен құрылыстар құрылысы» ЖШС. Құрылыс-монтаждау жұмыстарына лицензиядан айырылды.
- Sheberbuild ЖШС. Құрылыс-монтаждау жұмыстарымен айналысуға 2023 жылғы 18 қазандағы №23022845 лицензиясынан айырылды.
- «Астана-Көктем С» ЖШС. 2022 жылғы 25 қарашадағы №0000360 ғимараттар мен құрылыстардың, оның ішінде көпірлердің, көлік эстакадаларының, тоннельдер мен жол өтпелерінің, нысандарды күрделі жөндеу мен реконструкциялауды, оның ішінде шатыр жабындарын қоса алғанда, тірек және қоршау конструкцияларын тұрғызудың, монолитті орнату, сондай-ақ құрама бетон және темірбетон конструкцияларын монтаждау, қабырғалар мен бөлімдердің дана элементтерін қалау және ойықтарды толтыру, топырақтағы арнайы жұмыстар, оның ішінде негіздерді салу бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарына қатысуға лицензиясынан айырылды.
Айта кетерлігі, 2024 жылы жүргізілген жоспардан тыс тексерулер шеңберінде «Астана қаласының қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы» ММ аталған компаниялар тарапынан 426 заңбұзушылықты анықтап, оны жоюға 192 ұйғарым берді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.