Жол апаты 22 тамызға қараған түні Есіл қаласында болған. Полиция қажетті тергеу әрекеттерін жүргізуде, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жергілікті пабликтің хабарлауынша, опат болған жүргізуші 33 жаста, ал жолаушылар 18-23 жас аралығындағы тұрғындар.
«Жоғары жылдамдықпен келе жатқан көлік апатқа ұшырады. Ауданның 33 жастағы тұрғыны аударылған көлікте езіліп қалды. 18-23 жас аралығындағы үш жолаушы әр жерге домалап құлады. Қаза тапқандардың үшеуі – қыз бала, оның бірі Ресейден әжесіне қонаққа келген», - делінген ақпаратта.
Апатқа Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.
«Осы жылдың 22 тамызында Есіл ауданының аумағында жол-көлік оқиғасы орын алып, салдарынан 4 адам қаза тапты. Бұл факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп хабарлады полиция агенттікке берген түсініктемесінде.
Оқиғаның мән-жайлары анықталып жатыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.