"Меломен" тобының солисі Қайрат Мырзахановтың әйелі бесінші баласы дүниеге келгенін айтып, сүйінші сұрады. Ол қуанышты жаңалығын Instagram желісіндегі парақшасында жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Шолпан Мырзаханова оқырмандарына перзентханадағы суретін көрсетті.
Артынша жазбаны Қайрат Мырзахановтың өзі де бөлісті.
"Сүйінші! Ресми түрде бес баланың ата-анасы болдық. Аллаға сансыз шүкір", – деп жазды ол.
Мұны көрген көпшілік ерлі-зайыптыларды құттықтап, ақ тілегін арнады.
"Бауы берік болсын", "Үлкен азамат болып өсе беріңдер", "Ғұмыры ұзақ, салиқалы ұрпақ болсын", "Маған жұғысты болсын", "Аман-есен босанып алуыңызбен", "Көз қуаныштарыңыз болсын" деді желі қолданушылары.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.