Қазақстан әншісі Raim әлеуметтік желіде тыңдармандарына үндеу жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Айтуынша, әлдекім оның есімін пайдаланып, TikTok-та адамдарды алдап жүр.
Raim деген атпен белгілі Райымбек Бақтыгереев өзінің Instagram-дағы аккаунтында маңызды ақпаратпен бөлісті. Әнші Ерке Есмахан жұбайы соңғы уақытта оның атынан TikTok-та адамдарды адастыратын іс-шаралар белсенді жүргізіліп жатқанын атап өтті.
"Менде TikTok қолданбасында ресми аккаунт жоқ. Менің атымнан суреттер, бейнелер жариялап немесе сөйлесіп, жауап беретін адамдарға сенбеңіз. Raim деп аталатын бірде-бір парақшаға ешқандай қатысым жоқ. Рахмет", – деп жазды ол.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.