"Рахман қайнары" шипажайы электронды сауда-саттық қорытындысы бойынша мемлекеттік органдардың балансына өтті. Бұл туралы ШҚО әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Электронды сауда-саттық нәтижесінде шипажай Шығыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының балансына берілді.
– 22 тамызда сауда-саттық өтті. Бүгінгі таңда нысанды қабылдауға мемлекеттік органдардан құралған комиссия барды. Шипажайды шетелдік компанияларға беру жоспарда жоқ, - деп атап өтті ШҚО Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Ардақ Мәдиев.
Айта кетейік, «Рахман қайнары» шипажайы 1964 жылы ашылған. Негізгі емдік фактор – ауруларды емдеу үшін қолданылатын минералды радон сулары.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.