Ол танымал адамдардың өміріне қызықпау керегін айтты.
«7 жыл бойы қызыңды ойыншық етсе көрер едім»: боксшы Жанқош Тұраровтың әйелі сынға қалды
Фото: instagram.com/ klarita_os
7,969
оқылды

Белгілі журналист Бибігүл Дәулетбекқызы әлеуметтік желіде Жанқош Тұраров пен оның әйелін сынады, – деп жазды Aikyn.kz.  

Журналистің сыни жазба жариялауына Жанқош Тұраровтың әйелінің желіде күлгені себеп болған. Ол танымал адамдардың өміріне қызықпау керегін айтты.

"Қыздар, мен инстаға келгелі мың-миллион рет жаздым: Елдің алдында жүргендердің бақытты өмірін көрсеңіз, қызықпаңыз. Ол суреттің артында талай мұң жатыр деп. Әлгі боксшының әйелінде де намыс жоқ екен. Неменеге жыртыңдап күліп, мысқылдап отыр?! Көрер ем қызын осындай біреу 7 жыл бойы тағдырымен ойнап, ойыншық етсе!", – деп жазды журналист.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.