Елімізде жүргізіліп жат­қан ауқымды саяси ре­фор­малар өз бастауын Кон­сти­туциядан алатыны бел­гілі. Мемлекет басшысы Ата Заңы­мыз – мемле­кетті­гі­міздің тұғыры берік болуын қамтамасыз ететін ең басты құжат екенін айтты.
Ортақ мақсат біріктіретін алаңға айналды
697
оқылды

Оның әрбір тармағы мүлтіксіз орын­­­­далса ғана әділдік пен заң үстемдігі орнығатынына назар ау­дарды. «Консти­туцияға өз­герістер енгізу жө­ніндегі жалпыұлттық ре­ферен­думның нәтижесі хал­қы­мыздың бірлігін және елі­мізді жан-жақты жаң­ғыртуға бағытталған ау­қымды ре­формалардың ба­рынша қол­дау тапқанын көрсетті», – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

«AMANAT» партиясы Мем­лекет бас­шысының қоғамдық тірегі ретінде, елі­міздегі барлық жаңару мен жаңғырудың ұйыт­қысы бола отырып, қо­ғамдық-саяси үде­ріс­тердің бел ортасынан табылуда. Аманаттықтар Кон­ституция нор­маларын бас­шылыққа алып, қазақ­­стан­дықтардың тұрмысы мен өмір сапасын арттыруға арналған түбе­гейлі саяси, экономикалық ре­фор­маларды табысты іске асы­руға кі­рісті. Демократиялық қағидаларға не­гіз­делген Жаңа, Әділетті Қазақ­станды құ­руда ық­палды саяси күш­ке айналды.

Партиямыз ашық саяси бә­се­келестікті алға жыл­­жуы­мыз­дың ке­пілі ретінде ай­қын­дап, Ата Заңға енгізілген өзгерістер бо­йын­­­ша жаң­ғырған сайлау про­­цесінде жаңаша дайын­дық­пен кірісті. Партияның өз ішін­дегі қызмет мазмұны жетіл­ді­ріліп, қара­пайым азаматтардың сұра­­­нысы мен мұң-мұқтажына нег­із­­­­делген жұмыс си­паты мен тә­­­­сіл­дері белгіленді. Пар­тия­ның сай­­лауал­ды бағдарламасы ай­мақ­тардағы, ау­дан-ауылдардағы қорда­ланған мәселелердің ше­­­шім та­буына бағдарланды. Әр өңірде, ау­дан, қалаларда сай­лауалды уәде­лерді нақ­тылы іске асы­рудың те­тіктерін белгі­леген Жол кар­талары қабылданып, инди­ка­торлық көр­сеткіштері ай­қын­далды.

Жергілікті атқарушы және өкі­летті би­лік органдарында көп­теген жаңалық енгіз­ген кон­­­сти­туциялық реформалар, пар­­­тия­лық қызметті шын мәніндегі өз­герістер жаршысы болуына мүмкіндік берді. Бүгінде қоғамға жақсы таныс «AMANAT» пар­­­­тиясы халықты ортақ ма­­­қсатқа жұмылдыра білген беделді ұйым боп бекіді. Қоғамға пайдалы көп­теген бас­тама көтеріп, сайлау­шы­лардың кең қолдауына ие болған нағыз халықшыл партияға айналды. 

Конституция бекіткен нор­­­ма­лар бо­йын­­­ша пропор­­­ционалды және мажо­ри­тарлы аралас сайлау жүйесі енгізіліп, Пар­­­­­ламентті қа­лыптастыру тәртібі мен функ­­­циялары қайта жасақталды. Мәс­ли­­­хат­­­тардың рөлін күшей­­­­туде пар­тиялық жүйе­­нің мүмкін­­­дік­тері кеңейді. Нәти­­жесінде, пар­тиямыз адал бәсеке­лестікті жақ­тап, тұр­ғындардың қол­­­дауы­на ие болу­да «Жер аманаты», «Ауыл аманаты», «Қа­рыз­­­­сыз қо­ғам», «Құқықтық кө­мек», «Ба­қыт­­­ты отба­­сы», «Арда­герлерді ар­­дақ­та­йық», «Кедер­­­­гісіз келе­­шек» тағы да басқа ха­лықтың көп­­­теген сұранысын дөп басатын іргелі бас­та­­­маларды көтеріп, өмір­шеңдігін қам­­тамасыз етті. 

Ата Заңмен айшықталған бәріне бірдей тең мүмкіндіктер қоғамын қа­лыптастыруда, мем­лекеттік өкіл­ді ор­гандағы пар­­­тиялық тізімде әйелдер мен жастарға, мүгедектігі бар азамат­­тарға өкілдік етуге ке­піл­дік бе­ре­тін квота қа­растырылды. Бұл өз кезегінде, Пар­ла­мент Мә­­жі­лі­сі мен мәсли­хаттардағы фрак­­­­­­­ци­я­­­­лардың қызметін жан­дан­­­дыру­ға ықпал етіп, түрлі әлеу­­меттік топ­­­­­қа жа­татын тұр­ғын­­­дардың заң­ды мүд­делері мен құ­­­қық­­­тары­ның қор­ғалуына жағ­­дай жасады. Осы­лай­ша, өкілді органдардағы пар­тияның депу­тат­тық фракция алаң­дары күн тәрті­­біндегі өзекті мәсе­лелерді тиянақты талдап-тара­зылайтын, байып­пен қарап, шешім қа­был­дайтын сын­дарлы диалог мінбер­леріне айналды.

Конституцияға енгізілген өзге­ріс­тердің басты міндеті – халықтың әл-ау­қатын арттыру, мемле­­кет­ті­лігімізді мей­лінше нығайту және қоғамды үйлесімді дамыту екені белгілі. Жаңа Қа­зақстанның саяси жүйесін жаңар­туда азаматтардың ел бас­қару және шешім қабылдау про­цестеріне қа­тысуына жол ашыл­­­ды. Ауыл және аудан әкімін тіке­­лей сайлау, облыс әкімін бала­малы негізде тағайын­дау бо­йынша жаңа саяси модель қа­лыптасты. Мұның бәрі аза­­маттың мемлекеттік не­гізі инсти­туттар­ды қалып­­­тас­тыруға тіке­лей, ашық және инк­люзивті қатысуын қам­тамасыз етуде. 

Парламент Мәжілісінің Спи­кері, пар­тия Төрағасы Ерлан Жа­қанұлы Қо­шанов ауыл әкім­дерінің сайлауы, ең ал­дымен, ауыл тұр­ғындарының мүддесін қорғауға бағытталғанын ерекше айтқан бо­ла­тын. Эко­номикасы ауыл шаруа­­шы­­­­лығына бейім­делген, тұр­­ғын­дарының 80 па­­­­йыздан астамы ауылдарда тұра­­тын Түр­­­­­кістан об­лысы үшін ауыл әкім­дерінің сай­лауы – шын мәнінде, ашық саяси бәсе­ке­лестікті білдіретін, қоғамның сая­­си белсенділігін арт­тыратын, ауыл-ай­­мақ­­­­тардағы қор­да­­лан­ған мәселелердің ше­шу жол­дарын ұсынып, жергілікті сайлау­­шы­ларға таңдау еркіндігін бере­тін, стра­­­те­гиялық мәні айрықша қадам болды.

Облыстың барлық аудан, қала­ларында филиалдары бар пар­тиямыз атқарушы билік жа­уап­кер­шілігінің жоғары бо­­луын қам­туда және партияның ба­­сым­дық­тарын іске асыруда, ауыл әкім­дерінің сайлауына өз кан­ди­даттарын ұсы­нып, ха­лықтың қол­дауына ие бол­ған бүгінгі ең ық­палды саяси күш болып отыр. Биылғы жылдың өзін­­де облыс көлемінде 32 ауыл­­­­­­дық ок­руг­тің әкім­дері­нің сай­лауы өтті. Тұрғын­­­­дардың басым дауы­сына ие болған әкімдердің 30-ы – «AMANAT» пар­тия­сы­ның өкіл­дері болды.

Осы саяси науқандарда, пар­тия өкіл­дерінің жеңіске жету көр­сет­кіші 93,8 па­­йызға жетті. Яғни, сай­лаушылар, пар­тия ай­қындаған ауыл тұрғын­дарының табысын арттыру, инфрақұ­рылымды жақсарту, биз­несті қолдау, инвестиция тарту мін­деттерін қолдайды. Әлеуметтік саланы жаңғырту, мектеп, меди­циналық ұйымдар салу, спорт мекемелерінің желі­сін ұлғайту, ауызсу, табиғи газ тарту, электр қуатының сапа­сын арттыру жос­парларының орын­далуын жақтай­­тынын білдірді.

Партияның Түркістан об­лыс­тық фи­­лиалы сайланбалы лауа­зымдарға ие болған партия өкіл­дерінің өнімді жұмыс атқа­руына қолдау көрсетуде және прак­ти­калық ұсы­нымдар әзір­леп, қа­былдауда барлық дең­гей­дегі мәс­лихаттар депу­тат­тары­ның фору­мын, ауыл әкімдерінің фо­румын ұйым­дастырып, өт­кізді. Жо­ғары деңгейде, тиім­­ділік тұрғысынан пайдалы бол­ған бұл жүздесулерде пар­тияның де­путаттар және әкім­дер кор­пусымен ынтымақтаса атқа­­ра­тын жұмыс бағыттары қарас­ты­ры­лып, қоғамның тамырын тап баса­тын, азамат­тардың мұң-мұқта­жын тыңдап-түсінуге жете­лейтін, соған сәйкес, дер кезінде нәти­желі шаралар қабылдауға және дұрыс ше­шім шығаруға қабілетті мүмкін­діктер талқы­ланды. Қоғамға пай­далы баст­амалар көтеріліп, олар нақтылы іске асырыла бастады. 

Бұл өзгерістің барлығы Кон­сти­ту­циялық реформа­лармен келген та­быстар. Жаңа сая­си-құқықтық негіз боп бекіген Ата Заңы­мыз «күш­ті Президент – ық­палды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағи­датының өзегіне айналып, халық пен би­лік­­тің ұйысқан түрдегі ұста­нымын айқындады.

«AMANAT» партиясының Түр­кістан облыстық филиалы барша жерлесімізді Қазақстан Респуб­ликасының Конс­титу­циясы күні­мен құттықтай оты­рып, еңбек­керлік дәстүріне адал Түркістан облы­­сы­ның жұртшы­лығы мемле­кет­тілігімізді одан әрі нығайту ісінен аянып қал­майды деген се­німін білдіреді. Пар­тиямыздың облыс­тағы жақтас­­тары Ата Заңда белгі­­ленген де­­мократия құнды­лықтарын ілге­­рілетуді жүйелі түрде жал­ғас­ты­рып, аза­маттардың құ­қық­­та­рының сақталуына аянып қалмай еңбек етеді деп білемін. Өңір тұрғын­да­рының тұрмыс сапасын арттыруда, ымы­рашыл жұр­тымызды ортақ мақсат аясына біріктіріп, қоғамды үйлесімді да­мытуда аманаттық өкілдері ал­дың­ғы қатарда сап түзейді деген се­німдемін.

Алтынсары ҮМБЕТӘЛИЕВ, 

 «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, 

 Түркістан облыстық мәслихатындағы 

 партиялық фракцияның жетекшісі