Бүгін ауа райы қандай болады?
Жаңбыр, жел, тұман: 29 тамызға арналған ауа райы болжамы
941
оқылды

«Қазгидромет» синоптиктері 29 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бүгін де атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуі әсерінен еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Найзағай ойнап, бұршақ пен жаңбыр жауады, дауыл соғады.

Оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында нөсер жаңбыр күтіледі. Тек батыста, оңтүстік-батыста, солтүстік-батыста, республиканың орталығында антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болады.

Ел аумағының басым бөлігінде  жел күшейіп, солтүстікте, солтүстік-батыста, елдің орталығында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман түседі.

Абай, Ұлытау облыстарда, Батыс Қазақстан облысының батысында, орталығында, Атырау облысының орталығында, оңтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығында, Қызылорда облысының солтүстік-батысында, орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, Шығыс Қазақстанның батысында, Қарағанды облысының батысында, шығысында, Жетісу облысының солтүстік жартысында жоғары өрт қаупі бар. 

Қызылорда, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау облыстарында, Түркістан облысының оңтүстігінде, орталығында және шөлді аудандарында, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде және Ұлытау облысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.