ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тіс емдеу үшін зейнетақы жинағындағы қаражатты алу ережелерін жаңартты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жаңартылған ережелердің жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланды.
– Тіс емдеуге арналған жинақталған зейнетақы төлемдерін алу үшін енді дәрігерлік-консультациялық комиссияның (МКК) қорытындысын алу қажет. Дәрігерлік-консультациялық комиссия өтініш беруші ұсынған мына құжаттарды тексереді: емдеуге дейін және кейін рентген сәулелерінің нәтижелері, емдеу жоспары, өтініш беруші таңдаған стоматология лицензиясы. Содан кейін ВКК құрамына кіретін тіс дәрігері белгіленген нысан бойынша қорытынды шығарады, – делінген құжатта.
Енді қазақстандықтар тісін емдетуге жинақтағы ақшаны алу үшін медициналық комиссияның қорытындысын алуы қажет.
Сондай-ақ ата-аналарға зейнетақы жинағындағы қаражатты баласын емдеу мақсатында пайдалануға рұқсат етіледі.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.