Боксшы Жанқош Тұраровтың әйелі Клара Иса оқырмандарының сұрақтарына жауап беріп, күйеуіне тағылған айыпқа сенбейтінін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
“8 жылда күніне 1 045 рет қоятын сұрақтарыма автоматты түрде жауап айтатын болған. “Жан деп бастасам болды: “Мен сені жақсы көремін, сенен ажыраспаймын, сен өліп қалсаң, басқа ешкімге үйленбеймін” деп айтады. Ең жиі қоятын сұрақтарыңыз қандай? Жігіттеріңізге жіберіп отырыңыздар”, – деп жазды ол.
Желі қолданушылары видеоның астына күйеуін айыптаған қызға қатысты не ойлайтынын да сұраған.
“Өмірде ең жаман нәрсе – күйеуіңнің сыртыңнан істеген ит тірлігі. Сіздей қызды не үшін айырбастаған?” деген сұраққа блогер де үнсіз қалмады.
“Соған шынымен сеніп тұрмын демеңіз енді. Ең болмаса сөзінің ұйқасын таппай қалдық қой”, – деп жауап берді Клара Иса.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.