Банктер депозиттер бойынша мөлшерлемелерді қайта қарап жатыр
Банктер депозиттер бойынша мөлшерлемелерді қайта қарап жатыр
© arnapress.kz
263
оқылды
Банктер Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қорынан кейін депозиттер бойынша мөлшерлемелерді қайта қарауда, деп хабарлайды zakon.kz. Еске сала кетсек, Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры (ҚДКБҚ, Қор) мерзімсіз, сондай-ақ қысқа мерзімге салынған мерзімді және жинақ депозиттер бойынша ұсынылған ең жоғары мөлшерлемелердің қайта қаралған мәндерін жариялаған болатын. Бұл ретте мерзімсіз депозиттер бойынша ұсынылған ең жоғары мөлшерлеме - 12,5 пайызға, ал қысқа мерзімге салынған мерзімді және жинақ депозиттер бойынша - 13 пайызға дейін жоғарылады. Жеке тұлғалардың қайтадан тартылған депозиттері бойынша максималды сыйақы мөлшерлемесін анықтау және бекіту әдістемесінде көрсетілгеніндей, жаңартылған мөлшерлемелер туралы ақпарат Қордың банктермен өзара ықпалдастығы аясында қаржы институттарына 2020 жылдың 10 наурызында – максималды мөлшерлемелер қайта қаралған күні жолданды. Ағымдағы жылдың 11 наурызындағы жағдай бойынша банктер депозиттер бойынша мөлшерлемелерді қайта қарап жатыр. Ал бірқатары теңгедегі 3 айлық мерзімсіз және жинақ депозиттері бойынша мөлшерлемелерді ең жоғары мәнге дейін көтерді. Бүгінде теңгедегі депозиттер бойынша табыстылық шетелдік валютадағы депозиттерге қарағанда едәуір жоғары және инфляцияны (6%) толығымен өтейді. Қордың ұлттық валютадағы депозиттер бойынша максималды мөлшерлемелерді ұлғайту жағына қарай қайта қарауы қазақстандықтар үшін кез келген мерзімге арналған теңгелік депозиттердің жоғары табыстылығын және тартымдылығын сақтауға мүмкіндік береді