Жанқош Тұраровты зорлады деп айыптаған Әнару Қалдыбекқызының қорғаушысы боксшыға қатысты тағы бір дерек айтты
"Жанқош Тұраров тағы бір қызды дәрі беріп зорлаған, одан баласы бар": Әнарудың адвокаты тағы бір сұмдықтың бетін ашты
4,510
оқылды

Жанқош Тұраровты зорлады деп айыптаған Әнару Қалдыбекқызының қорғаушысы боксшыға қатысты тағы бір дерек айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қорғаушының айтуынша, Әнаруға мұндай қадамға бару оңайға соқпаған. Қыз қатты күйзелісте жүргендіктен, сұхбатта ойын жинақтай алмай, көп нәрсені айта алмаған.

"Жанқош Тұраров 2014 жылы Индира есімді тағы бір қызды дәл Әнару сияқты алдап, қонақүйге апарып, дәрі беріп, зорлаған екен. Индираның боксердан бір қызы бар боп шықты. Бұл жағдай Тұраров үйленбей тұрғанда болған. Индирадан сұхбат алғысы келетін журналистер жекеге шықса болады. Бұдан бөлек, 2006 жылғы бір қызды да дәл осы әдіспен құрығына түсірген деген мәлімет жетті. Тек қыздың кім екенін әзірге анықтай алмадық", -деп жазған ол Әнаруға қатысты бар шындықтың бетін ашқан.

Еске салайық, 21 тамызда Жанқош Тұраров "қыз зорлады" деген ақпарат тарады. Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі қылмыстық іс қозғалып, сараптама тағайындалғанын хабарлады.

Кейінірек боксшының өзі тараған ақпаратқа қатысты жауап берді.

"Үш қыз өсіріп отырған әкемін. Төсектес қыз керек болса, маған зорламай-ақ келетін жағдайым бар. Қайдан шыққан жала екенін өзім де түсінбей отырмын, қазір мәселенің мән-жайын анықтап, кім қандай жала жауып отырғанын анықтаймын", – деп жазды Instagram парақшасында ол.

Бірнеше күн бұрын "Боксшы Жанқош Тұраров зорлады" деп айып таққан қыз тілшілерге сұхбат берді. Оның сөзінше, спортшы бірнеше жыл бойы "әйелім етіп аламын" деп алдап келген. "Ал соңғы кездесу зорлықпен аяқталды" дейді. Жәбірленуші денесіндегі көгерген жарақаттарына дейін көрсетті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.