Атмосфералық фронтальды бөлімдер Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипатын сақтайды.
Жаңбыр, бұршақ, тұман: 30 тамызға ауа райы болжамы жарияланды
3,654
оқылды

"Қазгидромет" РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 30 тамызда болатын қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Атмосфералық фронтальды бөлімдер Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипатын сақтайды: найзағай мен жаңбыр жауады, оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы ықтимал. Еліміздің батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде антициклон сілемінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында желдің күшеюі күтіледі. Қазақстанның солтүстік-батысында шығысында түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман күтіледі.

Абай, Ұлытау облыстарда, Батыс Қазақстан  облысының батысында, Атырау облысының орталығында, оңтүстік-шығысында, Маңғыстау  облысының солтүстік-шығысында, орталығында, Қызылорда  облысының солтүстік-батысында, орталығында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Алматы облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының батысында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, батысында, шығысында, Жетісу облысының солтүстік жартысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау облыстарында, Шығыс Қазақстан облысының және Ұлытау облысының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.