Бүгін, яғни 11 наурыз күні еліміздегі ақша айырбастау орындарында доллар бағасы біршама өзгерген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Кurs.kz сайтының мәліметінше, Нұр-Сұлтан қаласында долларды сатып алудың ең жоғарғы құны 397,5 теңге болған.
Шетелдік валютаны 395 теңгеге сатқан пайдалырақ болып отыр.
Алматыда долларды 397 теңгеге сатып алуға және 395,5 теңгеге айырбастауға болады.
Шымкенттегі доллар сатылымының бағасы бүгінде 396,5 теңге болған, ал сатып алу 395 теңге шамасында болып отыр.
Қостанайда доллар 396,5 теңге тұрады, бұл жақтағы баға Шымкенттегі жағдайға ұқсас. Дегенмен, сату бағасында біршама айырмашылық бар – 392 теңге.
Доллар бағамын кешегі көрсеткіштермен салыстырсақ, оны ең көп дегенде 398 теңгеге сатып алуға және 391 теңгеге сатуға болады.
Кеше қазақстандық KASE қор биржасы бүгінгі доллар бағамы 394 теңге болады деп хабарлаған еді.