Резонанс істі "қылмыстық құрам жоқ" деп прокуратура тоқтатты.
Алматы облысында өгей қызын зорлады деп айыпталған ер адам ақталып шықты
Фото: Gov.kz
1,559
оқылды

Алматы облысында “өгей қызын зорлады” деп айыпталған азамат ақталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.

Резонанс істі "қылмыстық құрам жоқ" деп прокуратура тоқтатты. Қылмыстық істің анық-қанығына жету үшін 90 беттен тұратын кешенді сараптама тағайындалған болатын. Нәтижесінде, күдіктінің жазықсыз екені дәлелденді. Бірақ Алматы облыстық Оолиция департаменті шешіммен келіспей, ер адам 1 жыл бойы абақтыда отырды. Ақырында әділдік орнап, айыпталушы бостандыққа шықты. 

 «12 ай бойы қылмыстық істі әуре-сарсаңға салып, дұрыс тергемей жүрген тергеушілердің ісіне Іле ауданының прокуроры Дидар Әскербеков және де Алматы облысының прокуроры Берік Адамов өздері жеке араласып, қылмыстық істі егжей-тегжейлі зерттеп, бірінші сарапшының үстіне қылмыстық істің қозғалғаны және оның қорытындысы жалған боп шыққанына көзі жетіп, қылмыстық істі тоқтатып, адамның конституциялық құқығының қалпына келуіне көмек көрсетті», – дейді заңгер Ғабит Өмірбеков.

Бұл – бәсекелестік орныққан және бәріне тең мүмкіндік берілетін Әділетті Қазақстан құрудағы оң қадамның жемісі, дейді заңгер. Бұл – прокуратура жұмысының айқындығы мен анықтығы. Заң салтанат құрған елде ғана әділдік орнайды. Демек заң мен тәртіп халық игілігіне жұмыс істеуі тиіс. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.