Павлодарда жаяу жүргіншілер жолында әйел адамды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен көлік жүргізушісін іздестіріп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz тілшісі.
Әлеуметтік желіде оқиға орнында түсірілген видео жарияланды. Видео авторы әжесінің көлік апатына ұшырағанын мәлімдейді.
"28 тамыз күні сағат 12:55-те Баян батыр көшесінде әжемді жаяу жүргіншілер өткелінде қағып, жүргізуші оқиға орнынан қашып кетті", – дейді видео авторы.
Қалалық Полиция департаменті әйелдің полицияға хабарласпағанын айтып, бірақ жол апаты фактісі тіркелгенін растады.
"Полиция жүргізушінің жеке басын анықтау шараларын жүргізіп жатыр", – деп хабарлады Полиция департаменті.