Сонымен қатар 31 тамыз-4 қыркүйек аралығында Ә.Бөкейханов көшесінен бастап Түркістан көшесіне дейінгі учаскеде Керей-Жәнібек хандар көшесі ішінара жабылатын болады.
Астанада Ә.Бөкейхан – Керей-Жәнібек хандар көшелерінің қиылысы толығымен жабылады
Фото: istockphoto.com
979
оқылды

"Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы" ММ Керей-Жәнібек хандар көшесінің жол төсеміне жөндеу жұмыстар жүргізілгені туралы мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Осыған байланысты осы жылдың 31 тамыз-1 қыркүйек аралығында Ә.Бөкейхан – Керей-Жәнібек хандар көшелерінің қиылысы толығымен жабылатын болады. 

Сонымен қатар 31 тамыз-4 қыркүйек аралығында Ә.Бөкейханов көшесінен бастап Түркістан көшесіне дейінгі учаскеде Керей-Жәнібек хандар көшесі ішінара жабылатын болады. 

Бұл ретте автокөлік қозғалысы бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылатын болады. 

“Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол жөндеу жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз», – делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.