Жалын ғимараттың қасбетінен шыққан. Өртті сөндіруге бірнеше сағат кетті.
Алматыда үлкен қоймадан алапат өрт шықты
1,073
оқылды

Түнде Алматының Алатау ауданында үлкен қойма өртке оранды, – деп хабарлайды Aikyn.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қойма ішіндегі пластикалық бұйымдардың тығыз жүктелгендіктен және түтіннің қоюлығы өртті сөндіруге кедергі келтірді. Дегенмен өрт 400 шаршы метр алаңда оқшауланды, – делінген ведомство таратқан ақпаратта.

Кейін ТЖМ жалынның толық сөндірілгенін хабарлады.

Қазіргі уақытта өрттің шығу себебі анықталуда.