Бұл учаскеде жол жөндеу жұмыстары жүргізіледі.
Астанада Түркістан көшесінің бір бөлігі жабылады
GOV.KZ
743
оқылды

Астанада Түркістан көшесінің бір бөлігі жабылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Елорда әкімдігінің ресми сайтында жарияланғандай, Түркістан көшесі бойынша Сығанақ көшесінен Алматы көшесіне дейінгі учаскеде жол төсемінің үстіңгі қабатын салу жұмыстары жүргізіледі.

Осыған байланысты 31 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында жоғарыда аталған учаске толығымен жабылады.

Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.