Тергеушілер ер адамның жас қызға тез арада емтихансыз көлік жүргізу құжатын алуға көмектесуді ұсынғанын анықтады.
Астанада жүргізуші куәлігін емтихансыз алып беремін деген алаяқ ұсталды
1,382
оқылды

Астанада жүргізуші куәлігін алып беруге уәде еткен алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алаяқ өз жұмысы үшін 300 мың теңге сұраған. Қаскүнемнің ұсынысымен келіскен жәбірленуші оған аударым арқылы ақша аударған. Ақшаны алғаннан кейін ер адам байланысын тоқтатып, елорда тұрғыны полицияға арызданған.

Жедел-іздестіру шаралары аясында Сарыарқа аудандық қылмыстық Полиция басқармасының қызметкерлері жүргізуші куәлігін жасап беремін деген сылтаумен алаяқтық жолмен ақшалай қаражатты иемденген 34 жастағы қала тұрғынын анықтады.

Ол жасаған қылмысын мойындап, материалдық шығынды өтеді.

Астана қаласы Полиция департаменті жүргізуші куәлігін тек уәкілетті орган беретінін, оның үстіне жүргізуші куәлігін сатып алу заң бойынша жауапкершілікке тартылатынын азаматтардың есіне салады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.