Қазіргі кезде тергеу жүргізіліп жатыр.
Шахтадағы кісі өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
775
оқылды

ШҚО Полиция департаменті шахтада төрт жұмысшының қаза болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Шығыс Қазақстан облысында "Шығыстүстімет" ЖШС шахтасында 4 адам уланып қайтыс болды.

Тағы бір адам Глубоковский аудандық ауруханасына жатқызылды, оның жағдайын дәрігерлер тұрақты деп бағалап отыр.

"Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды ("Тау-кен немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу")", – делінген ПД хабарламасында.

ПД хабарлауынша, аталған факті бойынша тергеу басталды, оқиғаның барлық жағдайлары анықталып жатыр.

"Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасылары мен жақындарына көңіл айтады", – делінген хабарламада.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram  арнасынан таба аласыз.