Балалардың, әсіресе бірінші сынып оқушыларының қауіпсіздігіне баса назар аударылып отыр.
Жаңа оқу жылы: Алматы полициясы ата-аналар жиналысын өткізді
Фото: polisia.kz
801
оқылды

Алматы полициясы ата-аналар жиналысын өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.    

Polisia.kz-тің жазуынша, балалардың, әсіресе бірінші сынып оқушыларының қауіпсіздігіне баса назар аударылып отыр. 

«Балалар – біздің болашағымыз, сондықтан олардың өмірі мен денсаулығына ештеңенің қауіп төндірмеуі өте маңызды. Ал жол қауіпсіздігін сақтау маңызды болып қала беретіндіктен, бала кішкентай кезінен бастап жолда жүру ережелерін және көшеде өзін-өзі қалай ұстауды білуі керек. Мектеп оқушылары үшін жол қозғалысы ережелері туралы бояғыш кітаптар, буклеттер, жадынамалар әзірленді. Барлық сайыс пен сұрақ-жауап ойын түрінде өтеді. Жоспарланған іс-шаралар аясында балалардың алған білімдерін іс жүзінде қолдана білу дағдылары қалыптасады. Құрметті ата-аналар! Балаларға жолда қауіпсіз жүрудің маңыздылығын күн сайын ескертіп отыру қажет», –  дейді Алатау аудандық Полиция басқармасының басшысы Еділхан Байғараев. 

Спикердің айтуынша, ересектер балаларға өз үлгісімен іс-әрекеттің дұрыс үлгісін көрсетуі керек.

«Балаңызбен бірге үйден мектепке және мектептен үйге қайту жолымен жүріңіз және оны дұрыс жасаңыз, әр әрекетіңізге оған қолжетімді пішінде түсініктеме беріңіз. Сондай-ақ ұлыңызға немесе қызыңызға қоғамдық орындарда қауіпсіз іс-әрекет және ықтимал қауіптер туралы айтыңыз. Біз тек бірлесіп, бүкіл қоғам ретінде әрқашан және барлық жерде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете аламыз», – деді Еділхан Байғараев.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.