Президент сарбаздардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне, ең алдымен, армия басшылығы және құқық қорғау мекемелерінің басшылары жауапты екенін айтты.
Тоқаев: Сарбаздардың денсаулығына армия басшылығы жауапты
465
оқылды

Мемлекет басшысы әскер қатарында заң мен тәртіптің сақталуы айрықша маңызды міндет екенін айтты. Қарулы күштер мен басқа да күштік құрылымдарға осы талапты мүлтіксіз орындауды тапсырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

– Жастар әскерге Отан алдындағы борышын өтеуге барады. Жас сарбаздарымыз өз міндетін алаңсыз орындауы үшін әскер қатарында, ең алдымен, темірдей тәртіп болуға тиіс. Қарулы күштер мен басқа да күштік құрылымдар осы талапты мүлтіксіз орындауы қажет.

Әр ата-ана әскерге кеткен баласын мемлекетке сеніп тапсырады. Сондықтан сарбаздардың денсаулығы мен қауіпсіздігіне, ең алдымен, армия басшылығы және құқық қорғау мекемелерінің басшылары жауапты, – деді Президент. 

 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.