Қарағандыда Аманжолов көшесінде алты көлік соқтығысты. Салдарынан 1 адам қаза тапты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Жол апаты 2 қыркүйек күні сағат 14:15 шамасында Аманжолов көшесінде болған.
«Алған жарақаты салдарынан бір адам қаза тапты, үш адам медициналық мекемеге жатқызылды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Іс бойынша сараптамалар тағайындалды, тергеу жүргізілуде. Сонымен қатар, полицейлер жүргізушілерге жол қозғалысы ережелері мен жылдамдық режимін қатаң сақтауды ескертеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.