Мемлекет басшысының Жарлығымен Ербол Қуантайұлы Мырзабосынов ҚР Туризм және спорт министрі лауазымына тағайындалды,-деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Akorda.kz-ке сілтеме жасап.
Ербол Мырзабосынов 1984 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген.
Семей мемлекеттік педагогикалық институтын, Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін, Қазақ спорт және туризм академиясын бітірген.
Еңбек жолын 2005 жылы Семей мемлекеттік педагогика институты дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі кафедрасының ассистенті, жаттықтырушы-оқытушысы болып бастады.
2009-2014 жылдары — Семей қаласының мемлекеттік педагогикалық институтының дене тәрбиесі кафедрасының оқытушысы, кейін меңгерушісі.
2006-2018 жылдары — Шығыс Қазақстан облыстық бұқаралық спорттағы жоғары спорт шеберлігі мектебі жаттықтырушы-оқытушысы.
2018-2020 жылдары «Қызылжар арландары» спорт клубының директоры болып жұмыс істеді.
2020-2021 жылдары — «Qazaq kuresi» қауымдастығының басқарушы директоры.
2021-2023 жылдары Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының ректоры болды.
2023 жылы ақпанда Мәдениет және спорт министрлігінің спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы болып тағайындалды.