Секірмек болған ер адам мас болған.
Қостанайда полицейлер көпірден секірмек болған ер адамды құтқарып қалды
735
оқылды

2 қыркүйек күні түнде полицияға Тобыл өзеніне үлкен көпірден секірмек болған ер адам туралы ақпарат түсті. Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Елнұр Қамысбай мен Еламан Исламғалиев дереу оқиға орнына барып, ер адамды құтқарды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Ер адам сол уақытта металл қоршаудан өтіп, темірден ұстап тұрған. Полицейлерді көрген соң, олардың жақындамауын сұрап, көпірден секіремін деп қорқытқан.

– Ол өзін өте агрессивті ұстады. Мен оның назарын аударып жатқанда, менің серіктесім оның қолынан қатты ұстап қалды. Содан азаматты бірге тартып шығарып, аман алып қалдық, – деді Еламан Исламғалиев.

Ер адам мас болған. Оның қауіпсіздігі үшін полиция ер адамды медициналық мекемеге орналастырды.