Біз Мемлекет басшысының Қазақстан халқына кезекті Жолдауын зор ықыласпен қабылдадық. Онда Президент еліміздің одан әрі дамуы жөніндегі бірқатар ауқымды мәселеге тоқталды.
Дәулет Тұрлыханов, Мәжіліс депутаты: Бұл Жолдау стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған
378
оқылды

Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде, азаматтардың тұрмысын жақсартуды көздейтін жүйелі экономикалық өзгерістерге баса назар аударды. Мемлекет басшысы бөлген тоғыз басым бағыттың барлығы мемлекеттік саясатты осы міндеттерді шешуге бағытталады.

Жолдауда экономикалық белсенділікті ынталандырудың өзекті міндеттеріне жауап беретін Банктер туралы жаңа заңды әзірлеу­ді, сондай-ақ кәсіпкерлер үшін қолданыс­тағы тиімді жағдайларды қиындатпайтын салық режимдері оңтайландырылуы тиіс жаңа Салық кодексін қабылдауды талап ететін ақша-кредит және фискалдық саясат арасындағы теңгерімсіздіктерді жою мәселелері көтерілді.

Инвестициялық ахуалды жақсарту және бизнес жүргізу үшін жағдай жасау бөлігінде Президент халықаралық қаржы институттарын қатыстыра отырып мемлекеттік-жеке меншік әріптестік жобаларын анағұрлым сапалы дайындауға назар аудару керегін қадап айтты. Сондай-ақ қосылған құны жоғары процестерді дамыту басымдыққа ие болатын еліміздің өнеркәсіптік әлеуетін толық ашуға жүйелі күш салу да тапсырылды.

Сонымен қатар Президент ел өмірі үшін маңызды қадам – АЭС бойынша референдум өткізу туралы мәлімдеді.

Мемлекет басшысы ирригациялық жүйелермен және жалпы су саласымен айналысуды, сондай-ақ елдің кадрлық әлеуетін дәйекті түрде арттыруды, онда ең алдымен салалық мамандардың: жүргізушілердің, құрылысшылардың, энергетиктердің және басқа да көптеген мамандықтың өткір тапшылығын еңсеру қажеттігіне тоқталды.

Келесі жылы Астанада оқушылар, студенттер, зерттеушілер, кәсіпкерлер үшін ашылатын Ұлттық жасанды интеллект орталығын іске қосу да тапсырылды.

Жолдауда бұқаралық және балалар спортын дамытуға қуатты серпін беру үшін спорт саласындағы заңнаманы жаңарту, сондай-ақ әзірленіп жатқан «Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» жаңа заң жобасына қатысу қажеттігі атап өтілді. Сондай-ақ есірткі қылмысымен күреске және осы саладағы қылмыстардың алдын алуға назар аударылды, өйткені бұл ұлттың тектік қорын сақтаудың маңызды мәселесі.

Бүгінгі Жолдау өте маңызды, өйткені ол елді одан әрі дамыту жөніндегі барлық стратегиялық міндеттерді шешуге бағытталған. Депутаттар өз тарапынан Президент қойған барлық міндеттерді жүзеге асыруға бар күш-жігерін салады. Айтылған Жолдаудың әрбір бағыты өте маңызды.

Елімізді одан әрі дамыту жолындағы барлық стратегиялық міндетті шешуге арналған бүгінгі Жолдаудың маңызы зор. 

Өз тарапынан депутаттар Президент жүктеген барлық міндетті жүзеге асыруға бар күш-жігерін саламыз. Айтылған Жолдаудың әрбір бағыты еліміздің әлеуметтік- экономикалық дамуы үшін өте маңызды, біз оны біртұтас болып бірігіп, ортақ күш-жігер арқылы Мемлекет басшысының барлық бастамасын жүзеге асыруымыз керек.