Бүгін ауа райы қандай болады?
Үсік, жел, жауын-шашын: 5 қыркүйекке арналған ауа райы болжамы
431
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері 5 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Бүгін де еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады: найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Тек елдің батысында негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Ел аумағы бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең солтүстік-батыста, орталықта тұман түседі деп күтілуде. Ақтөбе облысының солтүстігінде  -1°C аяз сақталады.

Сондай-ақ Ұлытауда, Жетісуда, Батыс Қазақстанның батысы мен солтүстігінде, Қызылорданың орталығы мен солтүстік-шығысында, Ақтөбенің оңтүстігінде, батысында және орталығында, Алматының батысы мен солтүстігінде, батысы мен шығысында, Қарағанды, Қостанай облысында жоғары өрт қаупі сақталады.

Ал Қызылорда, Түркістан, Жамбыл, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ұлытаудың оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде және орталығында өте жоғары өрт қаупі бар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.